Петропавлда мектеп оқушысына қатарластары ұзақ уақыт бойы әлімжеттік жасап, ақша бопсалап келген.

Жасөспірім қыздар жапа шегушіні ұрып-соғып, ұялы телефонға түсіріп отырған. Видео Петропавлдағы телеграмм арналардың бірінде жарияланды. Буллинг құрбаны 9 мектептің оқушысы. Қыздың анасы полицияға арызданған. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

СНХ: АЙНАГҮЛ СҰРАҒАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ