Балалар үшін жазғы демалыс – тек тынығу кезеңі ғана емес, сонымен қатар уақытты тиімді әрі мазмұнды өткізу мүмкіндігі. Осы орайда Оқушылар сарайында дәстүрлі Жазғы академия өз жұмысын бастап, салтанатты түрде ашылды.

Оқушылар сарайында жаз биыл ертегімен басталды. Ашылу салтанатында балаларды сүйікті мультфильм кейіпкерлері қарсы алып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Оқушылар сарайында алты маусымнан тұратын жазғы академия өз жұмысын бастады. Атап айтсақ, «ART әлем» көркемөнер академиясы, «Bionic» ғылыми академиясы, «Pixel» IT-технологиялар, «Happy Holidays» МІХ, «Дарын Life» шығармашылық академиясы.

СНХР: ЛЮДМИЛА ЗАЙНУТДИНОВА, БІРІНШІ КЕЗЕҢ ЖЕТЕКШІСІ


Жазғы академияның алғашқы легі – «ART әлем»-нен басталды. 170 қатысушы баланың әрқайсысы сурет, дизайн және цифрлы өнермен танысу үстінде.

Айта кету керек, биыл жазғы академияға 2000 бала қатысады деп жоспарланып отыр.