Облыстық онкологиялық орталықта ісік ауруларын желілік үдеткіш арқылы емдейтін жаңа кабинет іске қосылды. Ондағы қондырғы науқастың сау тінін зақымдамай тек қатерлі ісік клеткаларын ғана нүктелі зақымдау арқылы аурудың жайылуына тосқаул қоюға мүмкіндік береді. Жаңа жобанының жалпы құны 2 миллиард 600 миллион теңге. Оны «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қаржыландырды.

Облыстық онкологиялық орталықта ісік ауруларын емдеуге арналған жаңа желілік үдеткіш іске қосылды. Аппарат жасанды интеллект жүйесі бар соңғы үлгідегі компьютерлік томографпен жабдықталған. Бұл сәулелену дозасын дәл есептеуге, ісік контурларын анықтауға және сәулені тек зақымданған жасушаларға бағыттауға мүмкіндік береді.

СНХ: ХАБДРАХМАН БЕРКІМБАЕВ, СҚО онкологиялық орталықтың сәулелік терапия бөлімшесінің меңгерушісі


СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі


Науқастар бұрын сапалы ем алу үшін ірі қалаларға баруы қажет еді. Петропавлдық Алма Араспаеваға өткен жылы Астана қаласында күрделі операция жасалған. Кейін елордалық мамандар оған осындағы жаңа аппаратта 30 күндік емдеу курсынан өтуді ұсыныпты.

СНХ: АЛМА АРАСПАЕВА, қала тұрғыны


Жобаны жүзеге асыруға 2 млрд 660 млн теңге бөлінді.

Жабдықтарды сатып алу, оны орнату және кабинетті ашу шығындарын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының өкілдері өз мойнына алды. Бүгін ашылу салтанатына қордың Басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева келді.

СНХ: ЛӘЗЗАТ ШЫҢҒЫСБАЕВА, «Қазақстан халқына» ҚҚ Басқарма төрайымы


Аппарат іске қосылғалы 200-ге жуық солтүстікқазақстандық ем алды. Бұл жабдықтың көмегімен бас және мойын, сүт безі, ми обыры және басқа да қатерлі ісіктерді нәтижелі емдеуге болады.