Туризм – бұл жай ғана саяхат емес. бұл – мәдениетке, экономикаға және өңірдің болашағына салынатын инвестиция. Солтүстік Қазақстан облысында бұл сала қалай дамып жатыр, тұрғындар мен қонақтар үшін қандай жаңа мүмкіндіктер бар?. 

СНХ: АСЫЛЗАТ АРҒЫНБАЙ ТІЛШІ:

- Қаламызда жазғы демалысты қызықты әрі пайдалы өткізуге мүмкіндік көп. Табиғат аясындағы демалыс орындары, жағажайлар мен лагерьлер қала тұрғындары үшін таптырмас тынығу мекеніне айналып отыр. Жаз — сергектік пен жаңа әсерлер уақыты. Ендеше, қала тұрғындары жазды қалай және қайда өткізетіндерін бірге білетін боламыз.

Туризмнің дамуы – ел экономикасын дамыту мен халықтың өмір сапасын арттырудағы маңызды қадам. Петропавл қаласында жаңа бастама қолға алынды – ол қаланың тарихи және маңызды орындарына тұрақты ұйымдастырылатын жаяу экскурсиялар. Бұл формат тұрғындар мен қонақтарға өңірдің тарихы, мәдениеті және бірегей көрнекі жерлерімен тереңірек танысуға мүмкіндік беріп отыр. Сонда-ақ қалалық туризмді дамытуға, оған қатысушылардың санын арттыруға және жергілікті бизнесті қолдауға жол ашады. Әрі облыс орталығын Солтүстік Қазақстан облысының мәдени әрі туристік орталығы ретінде танытуға мол мүмкіндік бермек.

СНХР: ВЛАДИМИР ВИТЧЕНКО - СҚО ТУРИСТІК ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ


Туризм – экономиканы дамытып, жұмыс орындарын ашатын және мәдениетті сақтауға үлес қосатын маңызды сала. Ол қонақтарды тартуға, бизнесті қолдауға және өңірді өмір сүруге әрі демалуға қолайлы етуге көмектеседі.