Негізгі Жаңалықтар Облыста 2024 жылы 20 мың адам жұмыспен қамтылды

Облыста 2024 жылы 20 мың адам жұмыспен қамтылды

Еңбек мобильдік орталығы 2023 жылы құрылған. Облыс бойынша барлығы 14 мансап орталығы бар. Оларды 330 адам қызмет етеді. Жалпы, бұл жұмыссыз жүрген жандарға көмектесетін бірден-бір орын. 2024 жылы аталмыш орталықтың көмегімен 20 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Ал, қазіргі таңда 5 мыңнан астамы жұмысқа орналасса, оның ішінде 3300-ге жуығы тұрақты қызметке тұрған.

Еңбек мобильді орталығы қызметкерлерінің айтуынша, қазіргі таңда дәрігерлер, мұғалімдер және жұмысшы мамандықтары сұранысқа ие. Сондай-ақ, зауыттарда да бос жұмыс орындары көп.

СНХ: АМАН ТӨРЕГЕЛДИН, ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК МОБИЛЬДІЛІГІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ


Сондай-ақ, мұнда «мансап орталығы» да орналасқан. Бұл жерден 16 жасқа толған мектеп оқушылары өздеріне жаз айларында істейтін жұмыс таба алады. Қазіргі таңда шамамен 400-ге жуық бос жұмыс орындары бар.

СНХ: НҰРАЙ ӘБУСАҒИТОВА, МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ


Айта кетейік, былтыр 65 мектеп оқушысы жұмысқа орналасқан. Жалпы, өңір бойынша күн сайын аталмыш орталық арқылы 80 ге жуық адам еңбек нарығына тартылады.


Бөлісу