Су үнемдеу технологиясын пайдаланбайтын шаруаларға берілетін субсидия азаяды. Су ресурстары және ирригация министрлігінің департамент директоры Берікбол Мәндібаев осылай деді. Биыл ауа температурасының жылдағыдан жоғары болуына байланысты вегитациялық кезең әдеттегіден 20 күнге ерте басталды. Оңтүстік өңірлерде топырақтың беткі қабатында ылғал да аз. Сондықтан су 50 пайызға көбірек пайдаланылып жатыр дейді мамандар. Мұндай жағдайда бүркіп немесе тамшылатын суару жүйелерін орнату ынталандыру жұмыстары күшейеді. Суды аз тұтынғандарға мемлекеттен қаржылай көмек көбейе береді дейді олар.

СНХ: БЕРІКБОЛ МӘНДІБАЕВ ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРЛІГІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ