Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығы мен Солтүстік Қазақстан университетінің экология және география кафедрасы оқытушылары бірлесіп, студенттердің қатысуымен «Пластиктен ғаламшарды құтқарайық» атты экологиялық акция ұйымдастырды.
Қатысушылар бірнеше топқа бөлінді. Бірі – гимнастикалық жаттығулар жасаса, енді бірі ПЭТ-бөтелкелерді жинауға кірісті. Тағы бір топ көшеттер мен гүл отырғызды. Ал суретшілер білім ордасы ауласындағы алаңда сурет салуға атсалысты.
СНХР: АЛИНА КРАВЦОВА KOZYBAYEV UNIVERSITY СТУДЕНТІ
Акцияның мақсаты – жастардың назарын экология мәселелеріне аудару, экологиялық мәджениетті қалыптастыру, командада жұмыс істеу дағдыларын дамыту және әлеуметтік маңызы бар бастамалар арқылы экологиялық белсенділікті арттыру болып табылады.
СНХР: ӘСЕЛ БЕКТЕМІРОВА, KOZYBAYEV UNIVERSITY ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ
Жинақталған пластик қайта өңдеуге жіберіледі. Акция барысында экологиялық квест те жоспарланған.