Елімізде 18 жасқа дейінгі балалар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылады. Олардың орнына жарнаны мемлекет төлейді. Яғни, балалар қажетті медициналық көмектің барлығын тегін алады. Биыл профилактикалық тексерулер мен скринингтер өткізуге 47,5 млрд теңге қарастырылған. Бұған қоса, мектеп медицинасын қаржыландыру бөлек жүзеге асады. Ал, бұл бағытқа 28,1 млрд теңге бөлінді.
Eгер бала қандай да бір себеппен білім беру ұйымында профилактикалық тексеруден өтпесе, оны жаз айларында тіркелген емханасында өте алады. Бұдан бөлек, демалыс кезінде оқушыларда қандай да бір денсаулыққа қатысты шағымдар болса, офтальмолог, ЛОР, хирург, тіс дәрігері сынды бейінді мамандардан кеңес алуға болады.