Орталық Азия мен Қытай арасындағы әріптестік байланыс нығаюда.
Бұл елдер арасындағы ынтымақтастық дамып келед, дами да бермек. Бүгін отандық және шетелдік сарапшылар өңірлік әріптестіктің жаңа мүмкіндіктерін талқылады. Іс-шараға Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин қатысты.Ерлан Қарин Қазақстан мен Қытай арасындағы ықпалдастықтың күшейе түскеніне назар аударды. Сондай-ақ, ол елімізде жүзеге асырылған реформаларға және даму жолындағы басым бағыттарға тоқталды.
СНХ: ЕРЛАН ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ
Сонымен бірге Мемлекеттік кеңесші көпжақты диалогты нығайтудың маңыздылығына тоқталып, Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы байланыс қарқынды дамып келе жатқанын айтты. Мемлекеттік кеңесші таяу арада Астанада өтетін «Қытай – Орталық Азия» саммитінің екінші отырысы осының бір дәлелі екенін атап өтті. Сонымен бірге форум аясында өзара әрекет ету, технологиялық ынтымақтастық және перспективті жобаларға арналған сессиялар өтті. Жиында көрші елдерден келген талдау орталықтарының, мемлекеттік құрылымдардың, ғылыми мекемелердің және халықаралық ұйымдардың өкілдері басқосты.
СНХ: БАХТИЕР МУСТАФАЕВ, ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӨҢІРАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
СНХ: СУНЬ ЧЖУАНЧЖИ, ҚЫТАЙ ҚОҒАМДЫҚ ҒЫЛЫМДАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ РЕСЕЙ, ШЫҒЫС ЕУРОПА ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ