Салауатты өмір салтын насихаттаған қала тұрғындары мемелекеттік рәміздерге деген құрметтерін жаппай жүгіріс ұйымдастыру арқылы білдірді. Онда қаламыздағы спорт мектептерінің тәрбиеленішілері белсенділік танытты.

СТЕНДАП: АСЫЛЗАТ АРҒЫНБАЙ - ТІЛШІ:

- Бүгін – ел тарихындағы аса маңызды күн. Мемлекеттік рәміздер күніне орай ұйымдастырылған жаппай жүгіру, қала халқының ерлікке, бірлікке деген құрметінің жарқын көрінісі. Жиналған қатысушылар тек спортты ғана емес, елдікті де ұлықтап келіп отыр.

СНХР: ЯНА ДРУЖКОВА - БЖСМ МЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ – ШЫНЫҚТЫРУ, СПОРТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ


Іс – шараға қатысушылардың қарасы қалың. Бір сөзбен айтқанда еңкейген кәріден еңбектеген балаға дейін бар. Николай Погодин атындағы орыс драма театырынан бастау алған жаппай жүгіру орталық алаңдағы мемелкеттік рәміздер стелласынан аяқталды.

СНХР: ЛИДИЯ ЖИГАЛОВА –ҚАТЫСУШЫ


Іс – шара мақсаты спортты насихаттау, салауатты өмір – салтын қалыптастыру және жас ұрпаққа үлгі көрсету. Ең басты мақсат ол, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті асқақтатып, патриоттық сезімді ояту.