Жыл басынан бері өңірде 200-ден астам өрт оқиғасы орын алып,15 адам, соның ішінде 3 бала қаза тапты. Материалдық шығын 150 миллион теңгеден асады. Маусымның бірі Жұмысшы кентіндегі жекеменшік тұрғын үйлердің бірі қызыл жалынға оранды.
Тілсіз жау Караванная көшесінде орналасқан екі пәтерлі жер үйлердің бірінде орын алды. Үйдің кіре берісінде тұтанған отты оқиға орнына дер кезінде жеткен өрт сөндірушілер дер кезінде ауыздықтады. Мамандардың жедел жұмыстарының нәтижесінде қызыл жалын үйге толық жайылып үлгермей сөндірілді. Өрт салдарынан 10 шаршы метрді құрайтын пәтердің кіре берісі мен 15 шаршы метр аумақтағы шатыр зақымданды. Жалпы қызыл жалын шарпыған аумақ 50 шаршы метрді құрайды. Зардап шеккендер жоқ.
СНХР: НАТАЛЬЯ РАЩУПКИНА - ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ