Облыстық полиция департаменті мандары ағымдағы жылғы бес айдың қорытындысын шығарды. Осы аралықта есіркіге қатысты 139 заңбұзушылық тіркелген. Оның ішінде 87 қылмыс анықталды, оның 66-сы сату фактілері, 5-і аса ірі көлемде сақтау, 3-і контрабанда, 2-і есірткіні насихаттау және 2-і ұйымдасқан қылмыстық топ құру фактілері.
Осы аралықта заңсыз айналымнан 40 келіден астам есірткі заты тәркіленді. Олардың 3,5 келіден астамы синтетикалық есірткі болса, 33 келісі марихуана, 3 келісі қарасора. Қалғаны гашиш,каннабис пен трамодол. Сонымен қатар тәртіп сақшылары алты адамнан құралған ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті. Олар еліміздің оңтүстігінен солтүстігіне есірткі жеткізу дәлізін құрған. Нәтежиесінде 20 кг марихуана тәркіленді. Сондай-ақ үй жағдайында ұйымдастырылған 9 фитонаркозертхана жойылды.
СНХ: АСҚАР МУХАМЕТҚАЛИЕВ - СҚО ПД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ