Көліктегі үй, алты адам және үш үй жануары. Қытайдың Бейжің қаласынан Еуропаға саяхатқа шыққан отбасының бұл алғашқы ұзақ сапарлары. Петропавлға жеткенге дейін бес мың шақырым жолды жүріп өтіпті. Осылайша жас жұп, олардың ата-аналары, екі бүлдіршін мен сүйікті үй жануарлары әлемді бірге зерттеуде.
Мыңдаған шақырымға созылған отбасылық сапар шамамен бір ай бұрын басталыпты. Петропавлға дейін олар 5000 шақырымнан астам жолды жүріп өткен. Қазақ жеріне аяқтары Алматыда тисе бүгн олар Қызылжарға маңдай тіреді. Бізден шығып саяхатшылар отбасы Ресей, Түркия арқылы Еуропаға жол тартпақ. Ауқымды форматтағы саяхатқа өмірінде бірінші рет шыққан олар бұл сапарға шамамен үш ай дайындалған. Жылжымалы көліктегі үй күнделікті тұрмысқа қажеттінің бәрімен толық жабдықталған. Бір сөзбен айтқанда адамға да үй жануарларына да ұзақ жолдағы жайлы өмір үшін қажеттінің бәрі бар.
СНХР: ВЕЙ ВАНГ – САЯХАТШЫ, ҚЫТАЙ РЕСПУБЛИКАСЫ
Автокөліктегі үй отбасы үшін қөара шаңырақтарындай болып кеткен. Осында тамақ пісіреді, тамақ ішеді, жатып дем алады және жуынады. Балалар жолды ойынмен өткізсе, ересектер-табиғаттың әсем көрінісін тамашалайды.
СНХР: ДЖИНЧАНГ ВАНГ – САЯХАТШЫ, ҚЫТАЙ РЕСПУБЛИКАСЫ
Қытайлық саяхатшы отбасы Петропавлда бірр күн болып, артынша қайта жолға шықпақ. Алда оларды талай бейтаныс мемлкеттер мен қалалар, табиғаты әсем жерлер мен мыңдаған шақырым ұзақ жол күтіп тұр.