Солтүстік Қазақстан облысында екі бірдей қайғылы жағдай орын алып, нәтижесінде екі адам көз жұмды. 1 маусым күні Ғабит Мүсірепов ауданындағы Новоишим ауылында жөндеу жұмыстары жүріп жатқан теміржол вокзалы аумағында 45 жастағы ер адам биіктен құлап, оқиға орнында көз жұмды.
Маусымның екісі күні Аққайың ауданында «Астана – Петропавл» тас жолының 448-шақырымында Audi 100 және Kia Sorento көліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан Audi жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Kia Sorento жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Құқық қорғау органдары аталған екі оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Полицейлер тұрғындарға жолда да, жұмыс орнында да қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес береді.