Шомылу маусымында қауіпсіздіктің алдын алу мақсатында құтқарушылар Пестрое көлінің жанында рейд өткізді. Төтенше жағдайлар Департаментінің қызметкерлері демалушыларға түрлі жадынамалар таратып, үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.
Жаздың аптап ыстығында тұрғындар өзен-көлдердің жағасына барып, сергіп қайтуды әдетке айналдырады. Алайда су айдындарындағы демалыс сәттері қайғылы жағдайға ұласпауы үшін қауіпсіздік ережелерін сақтау аса маңызды. Осы орайда, құтқарушы мамандар демалушыларға жадынамалар таратты.
Құтқарушылардың айтуынша, шомылу кезінде орын алатын қайғылы оқиғалардың көпшілігі қарапайым сақтық шараларына салғырттық танытқаннан болады. Мәселелен, оған арнайы жабдықталмаған, тыйым салынған жерлерде суға түсу, алкогольді ішімдіктер ішу, сондай-ақ балаларды қараусыз қалдыру секілді әрекеттер жатады.
СНХ: РИЗАБЕК ТЕМІРБЕКОВ, СҚО ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ОФИЦЕРІ
Петропавл қаласында тек Пестрое көлінің жағасында ғана суға шомылуға рұқсат етілген. Қауіпсіздік ережесін бұзған адамдарға 7 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Айта кетейік, жыл басынан бері құтқарушылар 2 мыңнан астам үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген.