Өңірде алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Бұл мақсатқа бөлінген қаржы көлемі 44 млрд теңгені құрайды. Оның 33 млрд теңгеден астамы жеке инвестиция. «Севказэнерго» АҚ жөндеу науқанына 27 млрд теңге бағыттады.

Петропавл 2-ЖЭОдағы қазандық агрегаттар мен турбоагрегаттарда модернизация жасалмақ. Оның барысында 3 қазандық пен 2 турбоагрегатты күрделі жөндеу, 8 қазандық агрегат пен 4 турбоагрегатты ағымдағы жөндеу және түтін мұржасының құрылысын аяқтау жұмыстары жүргізілмек. «Петропавл жылу желілері» жылу инфрақұрылымын жаңғыртуға 1,5 млрд теңге бөлді. Аудандарда қысқа сапалы дайындық мақсатында 484 қазандық, 636 білім беру нысаны, 364 денсаулық сақтау, 162 мәдениет нысаны және 1,5 мың көпқабатты үй дайындалмақ. Жалпы, облыс бойынша жөндеу науқаны кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тұрғындар мен облыс нысандарын жылумен үздіксіз қамтамасыз етуге бағытталған алдағы жылыту маусымына дайындық бойынша бірқатар тапсырмалар берді.