Қазақстан Халқы Ассамблеясы ғимараты алдындағы алаңда өткен интерактивке жиылғандар қарасы қалың. Іс-шара мақсаты-жастардың мемлекеттік рәміздерге, ел тарихы мен дәстүрлеріне деген құрметін арттыру. Ұйымдастырушылар, -мұндай іс-шаралар – жастар үшін өздерін көрсетуге, ел тарихын тереңірек тануға және патриоттық сезімдерін нығайтуға мүмкіндік береді,- дейді.
СНХ: ЖҰЛДЫЗ ТОҚТАРҒАЗЫ – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ
«Менің рәміздерім» атты өткізілген сурет байқауына қойылған талап, – мемлекеттік рәміздер, табиғат және Қазақстанның маңызды нысандарын бейнелеу. Осы тақарыпта өз бағын сынағандардың бірі Лилия Уткина. Ол өз туындысында Қазақстанның туын табиғат аясында бейнеледі.
СНХРН: ЛИЛИЯ УТКИНА – БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ
Іс-шара барысында «Қазақстанның рәміздері-ел тарихы» атты викторина өткізілді, онда балалар тарих пен мемлекеттік рәміздер саласындағы білімдерін көрсетті.