Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде «Үздік дөңгелек жөндеуші» атты кәсіби шеберлік байқауы өтті. Оған өңірдің үш колледжінің студенттері қатысты.
Жарысқа Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі, Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіби-педагогикалық колледжі мен Гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері қатысты. Өз біліктіліктерін көрсетуге келгендер саны 6 адам. Олар көлектердің дөңгелектерін шешіп, шиналарды ауыстыру, тесілген жерлерін жамау, теңгерім жасау секілді жұмыстар жүргізу бойынша біліктіліктерін көрсетті. Олардың шеберліктерін сынаған әділқазылар алқасы қауіпсіздік ережелерілерінің сақталуы мен жұмыс сапасы, әр көлікке қызмет көрсетуге жұмсалған уақытқа баса назар аударды.
СНХР: АНДРЕЙ ОРЛЕНКО - БӘЙКЕН ӘШІМОВ АТЫНДАҒЫ ПЕТРОПАВЛ МАШИНА ЖАСАУ ЖӘНЕ КӨЛІК КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Петропавл машина жасау және көлік колледжінің 2-курс студенті Никита Широбоков техникалық мамандықты саналы түрде таңдаған. Көлік жөндеуге бала күнінен машықтанған ол көп нәрсені әкесінен көріп үйреніпті. Қазіргі күні әуестігін біліммен жалғастырып, онысын тәжірибемен ұштастырып жүр. Болашақта аталмыш саланың кәсіби маманы болуды көздейді. Бүгінгі сайыста білімі мен біліктілігін ортаға салуда.
СНХР: НИКИТА ШИРОБОКОВ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ
Студенттер арасындағы бәсеке қызықты әрі тартысты өтті. Қатысушылардың шеберлігін әділ қазылар алқасы жұмыстың дәлдігі мен жылдамдығына қарай бағалады. Байқау қорытындысы бойынша жақсы нәтиже көрсеткендер алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.