Өңірімізде алкогольден толықтай бас тартқан тағы бір ауыл пайда болды. Ол — облыс орталығынан шамамен 115 шақырым қашықтықта Сулышоқ ауылы. Полиция мәліметінше, мұнда мас күйінде жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар мүлде тіркелмеген.
Магжан Жұмабаев ауданы Успен ауылдық округіне қарасты Сұлышоқ ауылы аудан орталығы Булаевтан 25 шақырым жерде орналасқан. Ауылдың халқы – 217 адам, 45 үй бар. Сұлышоқ ауылында балабақша мен негізгі орта мектеп жұмыс істейді, өмір сүруге қажетті жағдайлар жасалған. Күндіз көшеде орта жастағы адамдарды кездестіру қиын – негізінен балалар мен зейнеткерлер жүреді. Ал ересек тұрғындардың бәрі жетгілікті серіктестікте жұмыс істейді.
СНХР: ҚАЙРАТ ЖАНІБЕКОВ – СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ
Елді мекендегі жайлы ахуал, тазалық, қоғамдық тәртіп барлығы жақсы қалыптасқан. Тәрбие тал бесіктен деген осы болар.
СНХР: САРАГҮЛ БЕЙСЕМБАЕВА – АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
Бүгінде облыстағы 13 ауыл алкоголь өнімін тұтынудан және сатудан толығымен бас тартқан. Бұл – қылмыстың алдын алудың тиімді тетігі, себебі соңғы бес жылда бұл ауылдарда бірде-бір қылмыс тіркелмеген.
СНХР: ҚОСМАН ИСКАКОВ - АУЫЛ АҚСАҚАЛЫ
Полиция департаментінің мәліметінше, «Заң және тәртіп» идеологиясын нығайтуға бағытталған тұжырымдама аясында ішімдік ішпейтін елді мекендер санын арттыруға бағытталған ведомствоаралық өзара іс-қимыл жұмыстары табысты жалғасуда.