Өңірде ұлттық ауыл шаруашылығы санағына әзірлік жалғасып жатыр. Оған дайындық шеңберінде 1 маусымнан Булаев, Мамлют, Сергеевка және Тайынша қалаларында жеке қосалқы шаруашылықтарды аралау жұмыстары жүргізіле бастады. Мамандар жеке тұрғын үйлерді аралап, жер телімдерінің көлемі, егістік алқаптар, мал басы және үй жануарларының болуы туралы ақпарат жинау үстінде. Алдын ала кезеңнің мақсаты – негізгі санаққа қажетті таңдамалы іріктеудің негізін жасау. Жиналған деректер ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайын нақты бағалауға, тиімді саясат пен қолдау шараларын әзірлеуге мүмкіндік береді. Биыл ауыл шаруашылығы санағының негізгі кезеңі 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін өтеді.
СНХР: МАРАЛ НҰРЖАУЫПОВА, ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫНЫҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ