Бүгін — еліміздің ең қастерлі де маңызды мерекелерінің бірі — Мемлекеттік рәміздер күні. Осыған орай облыс орталығында салтанатты жиын өтті. Шара барысында өңір басшысы түрлі салада еңбек етіп жүрген үздік мамандардың еңбегіне жоғары баға беріп, марапаттады.

Орталық алаңда рәміздер күніне ұйымдастырылған салтанатқа қатысқан халықтың қарасы қалың. Жиынды ашқан облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов оларды мерекемен құттықтап Ту, Елтаңба мен Әнұран — тәуелсіздігіміздің басты нышандары екенін атап өтіп, оларды құрметтеу — әр азаматтың парызы екенін тілге тиек етті.

СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ


Жиын барысында сан саланың үздік мамандары марапатталды. Әсіресе, табиғи апат, көктемгі су тасқыны кезінде бөгетті нығайтуға үлес қосқан жандар ерекше құрметке бөленді. Халықты ақпараттандырып отырған БАҚ өкілдері де назарсыз қалмады. Еңбегімен ерекшеленген азаматтарға облыс әкімі арнайы алғыс хат табыстады. Олардың қатарында 6637 әскери бөлімінің барлаушы-маманы Жантілеу Рахимов та бар.

СНХ: ЖАНТІЛЕУ РАХИМОВ - ҚР ҰҰ 6637 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ БАРЛАУШЫ-МАМАНЫ


Салтантты жиын соңы жергілікті көркемөнерпаздардың мерекелік концертіне ұласты. Әуелете шырқалған ән мен мың бұралған биишілердің өнері иереке шырайын аша түсті.