Облыс орталығында Мемлекеттік рәміздер күніне орай ерекше акция өтті. “Менің Қазақстаным” шарасы аясында қала көшелерінде тұрғындарға еліміздің көк туы бейнеленген жалаушалар таратылды.
Акция барысында 4А және 20-нөмірлі қоғамдық көліктерде жолаушыларға еліміздің көк туы бейнеленген жалаушалар таратылды. Оған мұрындық болған қалалық Жастар ресурстық орталығы мен Ассамблея жастары мүшелері. Акцияның басты мақсаты — ел азаматтарының бойында патриоттық сезім мен мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру.
СНХР: ДАРИҒА СМАЙЛОВА - СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН “АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ” РҚБ ӨҢІРЛІК ӨКІЛДІГІНІҢ БАСШЫСЫ
Акция барысында 400-ге жуық жалауша таратылды. Қала тұрғындары бұл бастаманы жылы қабылдап,өз риазашылықтарын білдірді.
СНХР: НАРИМАН ТОҚСАНБАЕВ - ЕРІКТІ
Аталмыш акция тек жалауша таратумен шектелмейді. Сондай-ақ кешқұрым Жеңіс саябағында үлкен флешмоб өткізілмек. Шараны ұйымдастырушылар осындай акциялар ақрылы қоғамда рәміздерге деген құрмет пен отансүйгіштік қасетті дәріптеу.