Облыста адам папилломасы вирусына қарсы екпе науқаны басталды. Бұл шара 11 мен 13 жас арасындағы қыздардың денсаулығын қатерлі ісіктің ең қауіпті түрлерінің бірінен қорғауға бағытталған.
Вакцинация мектептердің медициналық кабинеттерінде ата-аналардың немесе заңды өкілдердің ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Сондай-ақ оны ата-аналардың рұқсатымен тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелген емханаларда қойдыруға болады. Облыс мектептерінде бұл жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда 3000-нан астам бала екпе алды. Оған АҚШ-та өндірілген «Гардасил» вакцинасы қолданылады.
СНХ: МӘДИНА ҚАБАЕВА, МЕКТЕП МЕДИЦИНАСЫНЫҢ ПЕДИАТР-ДӘРІГЕРІ