Облыс орталығындағы №17 Ұлттық өркендеу мектеп-кешенінде бастауыш сынып мұғалімдері арасында Гүлмира Райымбекқызы Кәрімованың құрметіне арналған кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқауға қатысушы педагогтер жаңашыл әдіс-тәсілдер мен шығармашылық көзқарастарын ортаға салып, кәсіби біліктіліктерін сынға салды.
Гүлмира Райымбекқызының рухына арналған бұл байқау – ұстазға деген құрметтің, мұғалім мамандығына деген шынайы жанашырлықтың көрінісі. Ізденімпаз, шығармашыл педагогтер бас қосатын бұл алаң екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Байқау барысында ұстаздар өз тәжірибелерімен бөлісіп қана қоймай, білім беру ісіне жаңа серпін беретін әдістерді ұсынады. Үш кезеңнен тұратын сайыстың негізі – кәсіби біліктілікті шыңдау мен озық әдістемелерді насихаттау.
СНХР: РОЗА СӘРКЕН, «ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚ» КММ ДИРЕКТОРЫ
Жангелді Тәжин Гүлмира Райымбекқызын жас маман кезінен біледі. Айтуынша, оны алғаш жұмысқа қабылдап, бағыт берген. Еңбек жолы сол кездегі «Қалалық классикалық гимназиядан» басталған.
СНХР: ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, АРДАГЕР ҰСТАЗ
16 жылдық тәжірибесі бар Ақмарал Рамазанова – Айыртау ауданы, Воскресеновка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі. Оның айтуынша, қазіргі оқушыларды сабаққа қызықтыру оңай емес. Сол себепті мұғалімдер үнемі ізденісте болып, жаңа технологияларды тиімді қолдануы қажет. Заманауи тәсілдер ғана баланың зейінін аударып, білімге ынтасын арттыра алады дейді ол.
СНХР: АҚМАРАЛ РАМАЗАНОВА, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ, АЙЫРТАУ АУДАНЫ
Айта кетейік, аталмыш байқау екінші жыл қатарынан өткізіліп келеді