Әрбір кәсіби салада өз ісінің шебер мамандары бар. Есіл ауданындағы Покровка ауылында тәжірибелі ветеринар жұмыс істейді. Ол жануарларды емдеп қана қоймай, болашақ мамандарды да дайындайды.
Теміржан Садуовтың ветеринария саласында 40 жылдан астам өтілі бар. Еңбек жолында ол облыстың бірнеше ауданында жұмыс істеді. Өз қызметін тәжірибеден бастап, ауданның бас мал дәрігеріне дейін көтерілді.
СНХ: ТЕМІРЖАН САДУОВ, МАЛ ДӘРІГЕРІ
Жылдар бойы жинақталған тәжірибе мен білім оған жылдам шешім қабылдауға, нақты диагноз қоюға және жануарларға көмектесуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ол Ж.Қизатов атындағы Жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде жұмыс істейді. Осылайша ол өз тәжірибесімен соңынан еріп келе жатқан жас мамандармен де бөліседі.
СНХ: ТЕМІРЖАН САДУОВ, МАЛ ДӘРІГЕРІ
Мамандықтың барлық қиындығын ескерсек, мал дәрігері болып жұмыс істегісі келетіндер аз. Өз ісіне адал мамандар да санаулы.
СНХ: ТЕМІРЖАН САДУОВ, МАЛ ДӘРІГЕРІ
Теміржан Садуовтың еңбек жолы кәсіби қызмет емес, жүрекпен атқарылатын жұмыс екенін дәлелдейді.