1930 жылдары Қазақстанға Қиыр Шығыстан корей ұлтының өкілдері жаппай жер аударылды. Петропавл тұрғыны Роза Сим отбасымен бұл қиындықтарды еңсерген жан. Ол балалық шағы қиын болса да, талмай ізденіп білім алды. Ізденімпаздығының және біліктілігінің арқасында көптеген жылдар бойы білім саласында жұмыс істеп, еңбегін сіңірді.

Роза Ивановна 1936 жылы Приморск өлкесінде дүниеге келген. Ол небәрі 1 жаста болған кезде, ата-анасы және бауырларымен бірге Қазақстанға жер аударылады. Қаншама ұзақ шақырым жол бойы пойыз вагонында болып, қиын сәтті бастан кешіреді.

СНХ: РОЗА СИМ – ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ


Солайша кәріс отбасысы қазіргі Ақмола облысы Даниловка ауылының қасына қоныстанады. Бірақ, олар үшін тағдырдың сынағы мұнымен таусылмады. Соғыс жылдарында Роза Симнің әкесі әскер қатарына шақырылады. Ал, анасы болса өмірден ерте озған.

СНХ:РОЗА СИМ - ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ


Осылайша, Роза Ивановна бар саналы ғұмырын балаларды оқытуға, мұғалім болуға арнайды. Айта кетейік, кейіпкеріміз қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтің шығармаларын сүйіп оқиды. Оның ішінде «Абай жолы» романын жақсы көреді.