Бүгін оқушылар сарайында «Білім берудегі үздік менеджер – 2025» дәстүрлі халықаралық байқауының облыстық кезеңі өтті. Барлығы – 18 білім саласының маманы сынға түсті. Байқауға қатысушы үміткерлер – аудандық және қалалық кезеңнен сүрінбей өткендер.

Сайысқа қатысып жатқан педагогтардың еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы керек. Осымен 5-ші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған байқауға 18 педагог қатысты. Сайыстың мақсаты - заманауи басқару тәжірибесін дамыту, үздік тәжірибелерді насихаттау және талантты менеджерлерге қолдау көрсету.

СНХ: РОЗА СӘРКЕН, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ


Білім беру саласындағы нағыз көшбасшыларды анықтауға бағытталған байқау 2 кезеңнен тұрады. Көпжылғы тәжірибесін ортаға салуға келгендердің арасында Есіл ауданы Ясновка орта мектебінің директоры Қанат Шәкенов бар.

СНХ: ҚАНАТ ШӘКЕНОВ, ЯСНОВКА ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ


Байқаудың нәтижесі бойынша қатысушыар арайы дипломдармен марапатталды.