20 мамыр – Дүниежүзілік ара күні. Бұл күн – табиғат пен ауыл шаруашылығында ерекше рөл атқаратын аралардың маңыздылығын насихаттауға арналған. Солтүстік Қазақстан кәсіптік даярлау және сервис колледжінде омарташылық саласына арналған арнайы бөлім жұмыс істейді. Колледж болашақ мамандарды ара шаруашылығының қыр-сырын меңгеруге үйретеді.
Студенттер дуалды оқыту жүйесі бойынша білім алады. Теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде сынап көруге мүмкідіктері бар. Аталмыш колледж өңірдегі, сондай-ақ Қостанай облысындағы бірқатар омарта шаруашылықтарымен тығыз байланыста жұмыс істейді.
СНХ: ДМИТРИЙ СТЕПУРА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН КӘСІПТІК ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ «ОМАРТАШЫЛЫҚ» БӨЛІМІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ
Жалпы «Омарташылық» бөлімінде 30 шақты студент білім алады. Олардың көпшілігі әріптестіктің арқасында оқуын аяқтамай жатып-ақ тұрақты жұмыс орындарына ие болады.
СНХ: ВИКТОР МОЛОЖЕНКО, СТУДЕНТ
Колледж базасында аралардың кросс түрі мекендейтін 5 ұяшық бар. Бұл ұяшықтарда студенттер араларды күтіп-баптау, олардың биологиялық ерекшеліктерін зерттеу, сондай-ақ ара өсірудің барлық кезеңдеріне қатысты тәжірибе жинақтайды.