Өңірде үстел теннисінен ашық чемпионат өтті. Жарысқа 16 команда: 7 жастан 70 жасқа дейінгі спортшылар қатысты. 

Бұл жарысқа Омбы, Қостанай, Көкшетау, Астана қалаларынан және Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют, Ғабит Мүсірепов, Тимирязев, Қызылжар аудандарынан келген 16 команда қатысты. Қатысушылардың арасында егде жастағы спортшылар да болды, олар өздерінің шеберліктерін көрсетіп, жастарға үлгі бола білді.

Солардың бірі 76 жастағы зейнеткер - Сәлім Сахатов, бала кезінен бері үстел теннисін өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырған жан. Ол 5 жасынан бастап ракетка ұстаған, содан бері бұл спорт түріне деген қызығушылығы еш бәсеңдемеген. Қазіргі таңда Сәлім аға теннисті тек хобби ретінде ғана емес, белсенді өмір сүрудің, денсаулықты нығайтудың және жаңа достар табудың құралы ретінде қарастырады. Ол жастармен бірге жаттығып, жарыстарға қатысып, өз тәжірибесімен бөлісіп отырады.

СНХР: СӘЛІМ САХАТОВ, ЗЕЙНЕТКЕР


Ал Сергей Карпенко – 52 жастағы спортшы, ол жақында Ақтауда өткен Қазақстан чемпионатында 50–59 жас аралығындағы топта үшсайыстан үшінші орынды иеленді. Негізгі бағыты – гір спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Өткен жылы Астанада өткен ел кубогында 85 кг салмақ дәрежесінде бірінші орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өткен әлем чемпионатында ардагерлер арасында жеңімпаз атанды. Қазір ол Щучинск қаласында өтетін ел чемпионатына іріктеу жарысына дайындалып жатыр.

СНХР: СЕРГЕЙ КАРПЕНКО, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ


7 жастан 70 жасқа дейінгі спортшылар қатысқан бұл турнирде командалық есеп, жеке біріншілік, жұптық және аралас жұптық санаттар бойынша сайыстар ұйымдастырылды. Бұл чемпионат үстел теннисі арқылы түрлі жастағы және өңірлерден келген спортшылардың достығы мен ынтымақтастығын нығайтуға сеп болды.