Петропавлда аймақтық IT-хаб базасында қаладағы жоғары оқу орнының және мектептердегі информатика және робототехника пәндерінің мұғалімдеріне арналған «DRONECRAFT» атты оқыту курсы өтті. Оқыту процесі үш күнге созылды. Қатысушылар ұшқышсыз ұшу аппаратын басқару дағдыларын қалыптастырып, жаңашылдықтарын да үйренді.

Оқыту курсында педогогтерге ұшқышсыз ұшу аппаратының цифрлық дағдылары туралы айтылды. Үш күн бойы қатысушылар дрондардың құрылымымен танысты. Сондай-ақ, аппараттарды басқару, бағдарламалау және техникалық қызмет көрсету негіздерін меңгерді.

СНХ: СНЕЖАНА ГУБАЙДУЛИНА, «GEOSCAN PIONER» БІЛІМ БЕРУ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ


Курсқа барлығы 20-дан астам педагог қатысты. Олар практикалық бөлімде дронды өздері басқарып, ұшырып көрді.

СНХ: ВАДИМ МЕЩАНОВ, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ


Оқыту курсы соңында барлық қатысушылар дипломдармен марапатталды.