Шамалы уақыттан соң шомылу маусымы басталады. Сондықтан судағы қауіпсіздік басты назарда болуы шарт. Осыған орай Жұмабек Ташенов атындағы № 20 орта мектепте ұстаздар қауымы құтқарушылармен бірлесіп оқушыларға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін жан-жақты түсіндірді.

Оқушылардың жазғы демалыстарында балалардың қауіпсіздігіне ата-аналар мен қатар ұстаздар қауымы да тікелей жауапты. Жұмабек Ташенов атындағы № 20 мектеп оқушылары үшін ұйымдастырылған бұл кездесу сақтық шараларының алдын алуға бағытталған.

СНХР: ЖІБЕК ЖАМҰЛДИНОВА - Ж. ТӘШЕНОВ АТЫНДАҒЫ № 20 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ


Өзен-көлдердегі қарапайым қауіпсіздік ережелерін білу үлкенге де кішіге де ортақ. Мәселен кішкентай балалардың су айындарында ересектердің қарауынсыз шомылуы, әрі белгіленбеген жерде суға түсуіне тиым салынады. Суға тек рұқсат етілген және жабдықталған жерлерде — құтқарушылар кезекшілік ететін жағажайларда ғана түсу керек. Петропавлда мұндай бір ғана орын бар- ол Пестрой көліндегі қалалық жағажай.

СНХР: ЕДІЛ ЗІКІРИН -СҚО ТЖД ЖЕДЕЛ-ҚҰТҚАРУ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСШЫСЫ


Ауа-райы дұрысталса шамалы күндерден соң шомылу маусымы басталады. Ал жағажайлардағы қауіпсіздік ережелері тек қалалықтар үшін ғана емес барша халыққа ортақ. Жиынға арқау болған тақырып та осы. Қарапайым сақтық шаралары үнемі басты назарда болуы шарт