Үкіметте инвесторлар қызметінің өзекті мәселелері қаралды.
Арнайы кеңесте Премьер министр экономиканың басым салаларында жаңа жобаларды жүзеге асыру, терең локализациялауды қамтамасыз ету және халықты жұмыспен қамтуды кеңейту үшін инвессторлармен тығыз байланыстың маңызды екеніне назар аударды. Себебі, ынтымақтастық-жаңа бағыттардың әлеуетін ашып, экономиканың басым секторларына серпін бермек. Ол үшін бізде барлық жағдай жасалған,-деді Үкімет басшысы. Премьер-министр мемлекеттік органдар мен ұйымдарға айтылған мәселелер мен ұсынымдарды пысықтауды тапсырды.