Петропавлда Отан соғысының ардагері Василий Васильевич Макиенконы ақтық сапарға шығарып салды. Ержүрек жауынгерді соңғы сапарға шығарып салуға туған-туыстары, достары, билік, қоғамдық ұйымдар өкілі мен қала тұрғындары жиналды.

СНХР: ВАСИЛИЙ МАКИЕНКО, ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ


Бұл – Василий Васильевич Макиенконың архив парақтарында қалған сұхбаттарының бірі. Ардагер 16 мамыр күні қайтыс болды. Қоштасу рәсіміне жиналғандар арасында туған-туыстарынан бөлек, билік пен қоғам өкілдері, қала тұрғындары болды. Іс-шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың атынан оның орынбасары Жүсіп Жұмағұлов қатысып, көңіл айтты.

СНХР: ЖҮСІП ЖҰМАҒҰЛОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ


Ардагерді ақтық сапарға шығарып салу барысында түрлі ұйымдардың өкілдері сөз сөйлеп, Василий Макиенконың өмірге деген құштарлығын, ерлік пен еңбек жолын, шынайы мейірімділігі мен адамгершілігін ерекше атап өтті.

СНХР: ВЛАДИМИР БУБЕНКО – ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ


Ардагердің артында қыздары, немерелері мен шөберелері қалды. Немересі Олеся Цоль атасын өте қатты жақсы көрген, үнемі қамқор бола білген.

СНХР: ОЛЕСЯ ЦОЛЬ – ВАСИЛИЙ МАКИЕНКОНЫҢ НЕМЕРЕСІ


Биыл, 24 қаңтарда, ардагер 99 жасқа толған еді. Жасына қарамастан, ол өмірге құштарлығын жоғалтпады. Айта кету керек, енді облыста көзі-тірі Отан соғысының тек бір ардагері қалды.