Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Әр жол – естелік! Әр есім – батыр!» атты әдеби-көркем байқаудың марапаттау рәсімі өтті.
Байқау 20 наурыз бен 30 сәуір аралығында өтті. Шығармашылық сайысқа 130-дан астам қатысушы өз жұмыстарын ұсынды. Байқау екі номинация бойынша ұйымдастырылды: көркем өнер және әдеби шығармашылық.
СНХР: НАТАЛЬЯ ЧУРЯК, С. МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ӘМБЕБАП ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Ұлттық ұлан академиясының бірінші курс курсанты Данияр Оралғазының айтуынша, жазушылық өнер оған бала кезден дарыған. Ол мектеп қабырғасында жүріп-ақ түрлі өлеңдер жазып, оқушылар айтысына қатысып, жүлделі орындарды иеленген. Әдеби-көркем байқауға Данияр батыр қыз Әлия Молдағұловаға арнап жазған жүрекжарды жырын ұсынып, көпшіліктің ықыласына бөленді.
СНХР: ДАНИЯР ОРАЛҒАЗЫ, ҰЛТТЫҚ ҰЛАН АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КУРСАНТЫ
Айта кету керек, бұл байқау Жеңістің 80 жылдығы мен Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.