Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Niscodeolympiad-2025» атты облыстық бағдарламалау олимпиадасы өтті. Білім сайысына IT саласына қызығушылық танытқан өңіріміздегі мектептердің оқушылар қатысты. 

Бұл білім сайысында қала мектептерінің оқушыларымен қатар, аудандық мектептерден де болашақ IT мамандары өз білімдерін сынады. Қатарынан екінші жыл өткізіліп отырған сайысқа Назарбаев Зияткерлік мектебі мен спорттық бағдарламалау федерациясы мұрындық болып отыр. Аталмыш дода ақпараттық технологиялар саласындағы дарынды оқушыларды анықтауға, алгоритмдік ойлауды дамытуға және бағдарламалауды насихаттауға бағытталған.

СНХР: ВИТАЛИЙ МЕЛЬНИКОВ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ИНФОРМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ


Олимпиада екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең – онлайн форматта өтті, оған қатысуға 155 оқушы өтініш білдірген. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 62 оқушы финалға өтті.

СНХ: ТАТЬЯНА ДОСКЕВИЧ – ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУШЫ


Ярослав Михайленко бірінші қалалық IT-лицейінің оқушысы, олимпиадада үшінші орын иеленді. Жүлде — мен үшін жай ғана марапат емес, алға қойған мақсатқа бір табан жақындау,-дейді ол.

СНХ: ЯРОСЛАВ МИХАЙЛЕНКО, ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУШЫ


Іс-шараға «АКС» компаниясы демеушілік жасады. Байқаудың қорытындысы бойынша үздік деп танылғандар дипломдармен марапаталды.