Мамырдың үшінші жексенбісі - бүкіл әлемде жүре пайда болған иммунтапшылық синдромынан қайтыс болған адамдарды еске алу күні. Бұл күннің мақсаты –вирусқа шалдыққандарға қолдау көрсету. Бүгін осыған орай қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен арнайы іс-шара өтті.

Бүгінгі таңда облыста ЖИТС шалдыққан мың жарымға жуық адам есепте тұр. Биылғы жылдың алғашқы 4 айында сырқаттанушылық деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда 6,5 пайызды құраған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30%-ға төмен. Өңірдегі жағдай бойынша ауруға шылдыққандардың 64, 7%-ы ерлер болса, 35, 3%-ы әйелдер.

СНХ: РАУШАН ЕСЕРКЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖИТС-ТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ КҮРЕС ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ


2025 жылдын сәуір айының соңында ЖИТС-ке шалдыққан сырқаттардың 90% - ы антиретровирустык терапияны алады. Сонғы бес жылда бұл көрсеткіш мамандардың жүргізіп жаткан үлкен түсіндіру жумыстарының арқасында 11,2% - га өскен.

СНХ: АЙСҰЛУ БЕКІМОВА, ПЕТРОПАВЛ Қ. ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МҮШЕСІ


Қоса кетейік, соңғы үш жарым жылда өңірде балалар арасында ЖИТС инфекциясының бірде-бір жаңа жағдайы тіркелмеген.