Есіл ауданындағы Покровка ауылында агроколледж студенттері арасында "Ветеринария" құзыреттілігі бойынша екі күндік өңіраралық кәсіби шеберлік байқауы басталды. Алты обылстың болашақ мал дәріәгерлері сынға түскен іс-шара Жалел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің базасында өтуде.
«Agroskils 2025 » жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтуде. Іс-шараға Қазақстанның алты облысынан студенттік командалар қатысты. Әр команда 2 адамнан құралған, яғни студент және мұғалім. Талап бойынша әр өңірдің өкілі оқу жылы барысында алған білімі мен тәжірибесін көрсетулері қажет.
СНХР: БЕЙІМБЕТ БҰҒАСОВ – «Ж. ҚИЗАТОВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КОЛЛЕДЖІ" ДИРЕКТОРЫ
Сайыс, мал дәрігерінің кәсіби қызметіне барынша жақын практикалық тапсырмалар форматында өтеді. Оқу фермасында байқауға қатысушылар қан алудан бастап кішігірім отаға дейінгі түрлі тапсырмаларды орындлаулары қажет.
СНХР: ҚАНАТБЕК ҚАРТАБАЕВ- ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӨКІЛІ
«Agroskils» өңіраралық байқауының мақсаты мал дәрігері мамандығының маңыздылығын арттыру. Сондай-ақ білім ошақтарында болашақ ветеринарларды даярлау деңгейінің қаншалықты екендігін анықтау.
СНХР: АНДРЕЙ АЛЕКСАНДРОВ - "АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ВЕТЕРИНАРИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ" СТУДЕНТІ
Өңіраралық байқау жыл сайын өткізіледі. Екін күнге созылатын білім додасының жеңімпаздары диплом және естелік сыйлықтармен марапатталады.