Ауыл тұрғындарының скутерлері мен мопедтерін жылжымалы халыққа қызмет көрсету орталықтары тіркеуге алуы мүмкін. Бүгін Мәжілісте осындай ұсыныс айтылды. Қазір ел аумағында ұсақ техниканы тіркеу науқаны жүргізіліп жатыр. Бүгінге дейін 36 мың мопед мемлекеттік нөмір таққан. Оларды жүргізуші куәлігі бар адамдар ғана басқара алады. Депутаттар шалғайдағы ауыл тұрғындарына техниканы облыс орталығына апарудың қиындығын айтып, тіркеудің басқа тәсілін қарастыруды сұрады.

СНХ: ҚАЗЫБЕК ӘЛІШЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ


СНХ: ИГОРЬ ЛЕПЕХА ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ


Самокаттарға қатысты да өзгерістер болады. Қазір қала көшелерінде жүрген қос дөңгелекті электр көліктеріне агрегаторлар жеке нөмір бекіткен. Ішкі істер министрлігі енді оның көлемін үлкейтіп, көзге көрінетіндей етіп жазуды міндеттемек. Жол көлік оқиғасы болса сол нөмір арқылы жүргізушіні табу оңай болайды, - дейді вице министр. Бұл өзгерістердің велосипедтерге қатысы жоқ.