Негізгі Жаңалықтар Мамыр айында ауа райы қандай болмақ

Мамыр айында ауа райы қандай болмақ

Қазгидромет республикалық мемлекеттік кәсіпорнының облыстық филиалы мамыр айына арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, көктемнің соңғы айында орташа айлық температурасы +14 +15 градус болады деп күтіледі.

Бірінші онкүндіктің екінші жартысында ауа температурасы күндіз 23-28 градусты көрсетсе, түнде 10-15 градус жылы болады. Онкүндіктің соңында ауа температурасы күндіз 15-20, түнде 5-10 градусқа дейін төмендейді. Екінші онкүндіктің бірінші жартысында ауа температурасы 23-28 градусқа жоғарылып, күн ыстық болады. Жауын-шашынның айлық мөлшері норма шамасында болады деп болжанады. Жиі жел соғады.

СНХ: ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК СҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ


Бөлісу