Облыстық полиция департаментінде Отан қорғаушылар және Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. 40-тан астам полиция қызметкері түрлі наградалармен марапатталды.
Полиция қызметкерлері күн сайын құқықтық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қылмыспен күреседі. Бұдан бөлек, су тасқынының алдын алу жұмыстарына да белсенді атсалысты. Қызметте еңбегімен ерекшеленгендер мереке қарсаңында түрлі марапатқа ие болды.
СНХ: РУСЛАН ТӘСІМОВ, СҚО ПД ТӘРБИЕ ЖӘНЕ КАДР ЖҰМЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Отан қорғаушылар күні қарсаңында ІІМ бұйрығымен 27 адам марапатталды. Ал бүгін 7 адам кезекті шендерін алып, «Ішкі істер органдарының құрметті ардагері» деген атаққа 10 ардагер ие болды. Оларды СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов мерекемен құттықтап, марапаттады.
СНХ: АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ, СҚО ПД БАСТЫҒЫ
Серік Әмірбеков құқыққорғау саласында 11 жыл бойы өз ісін адал атқарып келеді. Бүгінде ол Уәлиханов ауданы, Ақбұлақ ауылдық округының полиция инспекторы. Еңбегі еленіп бүгін ІІМ-нің бұйрығымен марпатталды.
СНХ: СЕРІК ӘМІРБЕКОВ, АҚБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ, УӘЛИХАНОВ АУДАНЫ
Салтанатты іс-шара соңы шағын музыкалық бағдарламаға ұласты. Солтүстікқазақстандық полицейлер барлық мереке күндері қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етпек.