Оқушылар сарайында «Жас биолог-зерттеуші» атты облыстық ғылыми-зерттеу жобалар байқауы өтті. Облыстың қала және аудан мектептерінен келген 40-тан астам оқушы биология және экология саласындағы жобаларын ұсынды.
Байқаудың мақсаты – оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысына қызығушылығын арттыру, зерттеу дағдыларын қалыптастыру және экологиялық ойлауды дамыту. 5-11 сынып оқушылары мемлекеттік және орыс тілдерінде өз жобаларын қорғады. Жұмыстарды университет және қалалық колледж оқытушылары бағалады.
СНХР: Лариса Воробьева – Оқушылар сарайының ғылыми-биологиялық бағыт бөлімінің меңгерушісі
Қатысушылар өсімдіктер әлемін зерттеуден бастап, экологиялық шешімдер мен күнделікті өмірге арналған тәжірибелік жобаларға дейін әртүрлі тақырыптарды қамтыды. Мысалы, Айыртау ауданынан келген Мейірбек Татыбаевтың жобасы қайың мен қарағай сияқты табиғи ресурстарды пайдалануға арналған.
СНХР: Мейірбек Татыбаев – қатысушы, Айыртау ауданы
Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздар өз жобаларын республикалық деңгейде таныстыру мүмкіндігіне ие болды.