Бүгін -Ұлттық кітап күні. Осыған орай С. Мұқанов атындағы облыстық кітапханада кітапқа деген сүйіспеншілігімен өзгелерге үлгі бола білген оқырмандар марапатталды. Сонымен қатар, жылдың қорытындысы шығарылды.

Бұл залда жиналғандарды кітапқа деген махаббат біріктіреді. Маргарита Володина — кітапханаға жиі келетін оқырмандардың бірі. Ол мұнда 11 жасынан бері белсенді түрде келіп тұрады. Оның айтуынша, бұл хобби білім көкжиегін, ортаңды кеңейтуге мүмкіндік береді. Жанына жақын, сүйіп оқитын шағырмалары көбіне шетелдік авторлардың туындылары.

СНХ: МАРГАРИТА ВОЛОДИНА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ


Бұл күні барлығы 6 белсенді оқырман марапатталды. Оларға Алғыс хаттар мен кітаптар табысталды. Ол оқырмандар жыл бойы кітапханаға жиі келіп, түрлі іс-шараларға қатысқан.

СНХ: ҚАЙЫРЖАН МӘЛІКОВА, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ


Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың қазіргі қорында 800 мыңға жуық кітап бар. Оның ішінде 100 мыңнан астамы абонемент арқылы қолжетімді.