Өңір тұрғындары білім беру тақырыбы бойынша кеңес алды. Петропавлда облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұловтың, мемлекеттік органдар мен білім беру саласындағы ұйым басшыларының қатысуымен «Білім беру мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау күні» өтті. Солтүстікқазақстандықтардың өтініш-тілектерін әріптесім тыңдап қайтты.
Мектепке дейінгі білім беру саласына ваучерлік жүйенің енгізілуі ата-аналарға өз балалары үшін білім беру мекемесін таңдауда еркіндік беруде. Алайда, Петропавлдағы жекеменшік балабақша өкілдері қаржыландырудың қысқаруына байланысты алаңдаушылық білдіруде.
СНХ: ОЛЬГА ЖАРКОВА — «АБВГДЕЙКА» ЖШС-НІҢ ДИРЕКТОРЫ
Жаңа жүйе туралы ақпараттандыру жұмыстары өткен жылдан бері жүргізіліп келеді, сондықтан бұл кәсіпкерлер үшін күтпеген жағдай болған жоқ.
СНХ: ЖҮСІП ЖҰМАҒҰЛОВ – СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Облыс әкімінің орынбасары бұл жағдайды жан-жақты зерттеп, мүдделі тараптардың қатысуымен қосымша жиналыс өткізуді тапсырды. Ал Қызылжар ауданына қарасты Прибрежное ауылының тұрғыны ауызсу мәселесін көтерді. Айтуынша, балабақша мен мектепте ата-аналар балалар үшін ішетін суды өздері сатып алуға мәжбүр.
СНХ: МАДИНА ҚАДЫРОВА, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Әкімдік өкілдерін бұл ақпарат таңғалдырды. Ауданда су жүйесі бар, мүмкін мектепте ауызсуға арналған арнайы жабдықтар жоқ шығар. Мекеме директорының қатысуымен бұл мәселе талқыланып, жақын арада шешіледі деп күтілуде. Келесі кездесу таныстыру сипатында өтті. Облыста «Өркен» түзету-дамыту орталығы өз жұмысын бастады. Орталық басшысының айтуынша, мекеме ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға бағытталған.