Петропавл қаласындағы республикалық протездік-ортопедиялық орталықтың филиалы жыл сайын шамамен 4000 науқасқа қызмет көрсетеді. Бұл мекеме қызметкерлері қиын жағдайға тап болған жандарға үміт сыйлап, белсенді өмір салтын ұстануға, мүмкіндігінше толыққанды өмір сүруге көмектеседі. Орталықтың жұмысымен біздің түсірілім тобы танысып қайтты.

Андрей Колганюк емдік дене шынықтыру сабағында жаңа протезіне үйреніп жатыр. Бұл – оның үшінші протезі. Технологияның дамуымен уақыт өте келе протездерде заманауи әдіспен жетілдіріліп келеді.

СНХ: АНДРЕЙ КОЛГАНЮК, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ


Протездеу кезінде науқастар стационарға жатқызылып, оларға медициналық-әлеуметтік көмек және қажетті оңалту шаралары көрсетіледі. Стационар 75 орынға шақталған. Мұнда өз өнімдерін де шығарады. Орталықта әртүрлі жас топтары мен дене белсенділігі деңгейі әртүрлі адамдарға арналған протездік-ортопедиялық бұйымдардың кең ауқымы ұсынылады. Сондай-ақ, тірек-қимыл аппаратына қатысты әртүрлі жарақаттар мен аурулардан кейін де көмек көрсетіледі.

СНХ: ӘНУАР ҚОЖАБЕКОВ, МЕХАНИК-ПРОТЕЗШІ


Протездер жасау кезінде сапалы әрі табиғи материалдар қолданылады. Бөлшектер – отандық және шетелдік өндірістен. Сондай-ақ, мұнда табиғи матадан жасалған ортопедиялық аяқ киім мен ұлтарақтар тігіледі.

СНХ: РУСЛАН САҚЫПКЕРЕЕВ, «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПРОТЕЗДІК-ОРТОПЕДИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ» АҚ ПЕТРОПАВЛ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ


Орталықта 72 маман жұмыс істейді. Жыл сайын шамамен 4000 адамға қызмет көрсетіліп, 700-ге жуық протез дайындалып, 2500-ден астам ортопедиялық аяқ киім тігіледі.