Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы Прибрежное ауылы су құрсауында қалды.

Елді мекенге апаратын жалғыз жолды су басты. Қауіпті аймақта блок бекет қойылып, полиция тәулік бойы кезекшілік атқаруға кірісті. Әзірге көлік қозғалысы тоқтаған жоқ. Тұрғындарды төтенше жағдай қызметінің арнайы техникасы тасымалдайды.

СНХ: Нұрмағамбет Шериязданов, ауыл тұрғыны


Прибрежное ауылында 1500-ден астам адам тұрады. Басым бөлігі облыс орталығына қатынап жұмыс істейді. Мамандардың айтуынша үйлерді су басу қаупі төніп тұрған жоқ.

СНХ: Сақтаған Сәдуақасов, Қызылжар ауданының әкімі