Бүкіләлемдік ағаш отырғызу күніне орай Аққайың ауданында көгалдандыру және абаттандыру апталығы басталды. Іс-шара «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өтіп, барлық ауылдық округтерді қамтыды. Алғашқы күні Смирново ауылында шамамен 1500 қайың ағашы отырғызылды.
Ағаш отырғызу акциясы Смирново ауылында басталып, 26 сәуірге дейін аудан бойынша жалғасады. Алғашқы күні волонтерлер, жастар, ұйым қызметкерлері және жергілікті әкімдік өкілдерінің қатысуымен шамамен 1500 қайың ағашы отырғызылды. Ағаш егу жұмыстары арнайы техникамен жүргізілді. Бұл тек көгалдандыру емес, сонымен қатар ауданның экологиялық ахуалын жақсарт болып табылады.
СНХР: ВЛАДИМИР РАХМАТУЛЛАЕВ, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Апта ішінде шамамен 3000 ағаш отырғызу жоспарланған. Жұмыстар тек елді мекендерде ғана емес, мекемелердің айналасында, аулаларда және көшелерде де жүргізілуде. Сондай-ақ, жаппай сенбіліктер ұйымдастырылады. Акция аясында абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстарына басымдық беріледі.
СНХР: ТІЛЕК НҰРҒАЛЫМОВ, «АҚҚАЙЫҢ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ» КММ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Аудандағы көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары тұрақты бақылауда. Ағаш отырғызудан бастап санитарлық тазалауға дейін 30-дан астам тармақты қамтитын арнайы іс-шаралар жоспары әзірленген. Ұйымдастырушылар аудан тұрғындарын, кәсіпорындар мен ұйымдарды экологиялық акцияға белсенді қатысуға шақырады.