Сәуір айының басында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің оқытушылары мен студенттерінен құралған арнайы үгіт тобы оңтүстік өңірге аттанған болатын. Мақсат ол жақтағы жастарға Серпін бағдарламасының маңыздылығын түсіндіріп, қаламыздағы іргелі оқу орнына абитуренттер тарту.
Сәуірдің алғашқы жұлдызында Петропавлдан еліміздің оңтүстік өңірлеріне «SERPIN WAY» автобусы аттанды. Қозыбаев университетінің оқытушылары мен студенттері мінген темір тұлпарды дүйім жұрт думандатып шығарып салды. Жерлестеріміз күнгейге жауапты міндетпен барды. Олар халық тығыз орналасқан қалаларды, аудандарды аралап, түлектерді теріскейде білім алуға шақырды.
СНХ: ӘДІЛХАН ДҮЙСЕБЕК, «СЕРПІН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, АСТАНА ҚАЛАСЫ
Петропавлдан аттанған команда 28 адамнан тұрған. Олар 18 күнге бекітілген жоспарды толық орындапты. Осы уақыт ішінде мындаған шақырым артта қалды, ондаған кездесу өтті.
СНХ: ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ, ҚОЗЫБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ РЕКТОР КЕҢСЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
СНХ: РУСТАМ КӘРІМОВ, ҚОЗЫБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ
Бұл пилоттық жоба жалғасын табады. Енді «SERPIN WAY» автобусы Түркістан, Жетісу және Алматы сынды облыстарға бағыт алуы мүмкін. Брифинг барысында оқытушылар мен студенттер бұл сапарға дайын екендерін білдірді.