Президент Астана және Қазақстан митрополиті Александрды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Бұл оның Қазақстандағы қызметіне 15 жыл толуына орай және бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы еңбегі үшін беріліп отыр. Сондай-ақ, мемлекет басшысы митрополит пен барша православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев Православ шіркеуінің дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды насихаттауға, жас ұрпақты тәрбиелеу мен еліміздің бай мәдени мұрасын сақтауға елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

СНХ: АЛЕКСАНДР АСТАНА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН МИТРОПОЛИТІ