Петропавлда қандастар мен қоныс аударушыларға арналған ақпараттық – түсіндіру орталығы ашылды. Ұйым мақсаты облысымызға сырттан көшіп келгендерге өңірге бейімделуге, жұмысқа орналасуға, тұрғын үй алуға, қандайда бір әлеуметтік мәселелер туындаса солардың оң шешімін табуына жәрдемдесу.
Орталықтың ашылу салтанатына еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласы мамандары, қоғамдық ұйым мүшелері мен өңірдің белсенді азаматтары қатысты. Іс-шара барысында орталықтың қызметі, жұмыстарының негізгі бағыты таныстырылып, ұйым басшылары алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісті.
СНХ: БУРАХАН ДАҚАНОВ , «ТӘУЕКЕЛ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Қазіргі таңда облыста қандастар мен еліміздің жұмыс күші көп өңірлерінен қоныс аударушыларды қабылдау мақсатында қыруар жұмыстар атқарылуда. Алайда оларды жергілікті жерде тіркеуге қоюда мәселелер де жоқ емес.
СНХ: ЖАЗИРА КӨКБАС - М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ
Жыл басынан бері облысқа 126 адам көшіп келген. Олардың - 86 сы өзге ңірлерден қоныс аударушы болса, 40 – ы қандас азамат.