СҚО-ға жұмыс сапары барысында көлік вице-министрі өңір тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиында Талғат Ластаев азаматтардың автомобиль жолдарын салу, теміржол тасымалы, азаматтық авиация, көлік инфрақұрылымы және т.б. сұрақтарына жауап берді.
Тұрғындармен кездесу барысында Талғат Ластаев жол инфрақұрылымын дамыту аясында 2025 жылы жоспарланған жұмыс барысымен бөлісті. Биыл Өңірде 381 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жоспарланған.
СНХ: ТАЛҒАТ ЛАСТАЕВ, ҚР КӨЛІК ВИЦЕ-МИНИСТРІ
Кездесуге келген тұрғындар көлік вице-министріне әуе рейстары жайлы өз сауалдарын қойды.
Сондай-ақ биыл Республика бойынша 125 теміржол станциясы күрделі жөндеуден өтеді. ҚР көлік вице-министірі СҚО бойынша бұл тізімге 3 вокзал енгенін атап өтті.